Жетісу тұрғыны балаларын 2 миллион теңгеге сатып жіберген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pexels.com

Жетісу облысында бала сатқан 23 жастағы келіншек ұсталды. Әйел кәмелетке толмаған балаларын делдалдар арқылы сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бала сатты деген күдікпен 23 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Әйелдің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын делдалдар арқылы сатып жібергені анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, екінші факт 2023 жылдың тамызында болған, екі жағдайда да транзакция сомасы бір миллион теңге болған", - деді Тұрлыбек.

Деректер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тіркелген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама