20 қаңтар 2022 | 15:58

Жезқазған әкімдігі маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Жезқазған әкімдігі маңында 50 жастағы жүргізуші адам қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жезқазған әкімдігі маңында 50 жастағы жүргізуші адам қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 19 қаңтарда кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, ол қылмыс орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ақпаратты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі растады.

"Жол апаты 19 қаңтарда сағат 19.05-те болды. 50 жастағы Mitsubishi Delica жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Алаша хан көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде ол 60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Артынша оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, баспасөз қызметі өкілі жүргізілген іс-шаралардың арқасында күдікті анықталып, ұсталғанын айтты. Оқиға полицияда тіркелген. Бұл іс бойынша сараптамалар тағайындалған, нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная