Жезқазғанда автобус өртеніп кетті: Жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды

Жезқазғанда автобус өртеніп кетті: Жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды видеодан үзінді

Жез?аз?анда автобус т?гі ?алмай ?ртеніп кетті. Зардап шеккен ер адамдар ?атты к?йіп ?ал?ан. Олар жергілікті аурухана?а жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жезқазғанда автобус түгі қалмай өртеніп кетті. Зардап шеккен ер адамдар қатты күйіп қалған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, автобус кешкі уақытта аурухана кешенінің ауданында өртенген. "ПАЗ" маркалы автобустың өртенгені туралы мәлімет өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 19:19-да түскен. Өрт болған уақытта қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған. 

Өрт салдарынан күйіп қалған 1995 жылғы жүргізуші мен 1994 жылғы кондуктор Жезқазған ауруханасына жеткізілді. Өрт 19:40-та сөндірілді. Өрт аумағы - 12 шаршы метр. 

Реклама
Реклама

"Өрт сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД апатты құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен арнайы үш техника жұмылдырылды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама