20 ақпан 2022 12:05

Жезқазғанда жаппай төбелес болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Жезқазғанда екі топ арасында жаппай төбелес болды. Төбелес шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда екі топ арасында жаппай төбелес болды. Төбелес шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға түнде Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Реклама
Реклама

Видеоға шақырту бойынша оқиға орнына келген полиция қызметкерлері түсірілген. Жазба сипаттамасында бір топ ер адам төбелесіп қана қоймай, көліктерді қиратқаны айтылған.

"Шамамен сағат 00.20-да төбелес болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ атылған. Сонымен қатар олар көлікті қиратқан. Бірнеше полиция жасағы екі-үш минут ішінде оқиға орнына келді, бірақ төбелес шығарғандар осы уақыт ішінде қашып кеткен. Жедел-тергеу және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген жазба сипаттамасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі де видеоға қатысты пікір білдірді.

"Оқиғаға қатысқандарды полиция қызметкерлері анықтап, Жезқазған қаласының полиция басқармасына жеткізді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram