Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: t.me/patriot_patriot

Жезқазғанда "КамАЗ" көпірден құлап кетті. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" басылымына сілтеме жасап.

Жезқазғанда "КамАЗ" көпірден құлап кетті. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" басылымына сілтеме жасап.

Көпір Жезқазған мыс қорыту зауыты бағытында орналасқан. 64 жастағы жүргізуші түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

"20 шілдеде сағат 14:05 шамасында "КамАЗ" жүргізушісі көлікті көпірден аударып алған. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек полицияға тіркелді, сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деді Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная