11 қараша 2019 15:48

Жезқазғанда Volkswagen асқан жылдамдықпен ағашты соқты

Жезқазғанда Volkswagen асқан жылдамдықпен ағашты соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда Volkswagen асқан жылдамдықпен ағашты соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы шамамен 23:00-де Жезқазған қаласындағы Сәтбаев көшесінің бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, 38 жастағы жүргізуші қатты жылдамдықпен ағашқа соқтығысқан. 

Реклама
Реклама

Соққыдан көлік қирап қалған, ал оның қозғалтқышы мен аккумуляторы жан-жаққа ұшып кеткен. Жүргізушіні ауруханаға алып кетті. 


"Жол апаты салдарынан зардап шеккен жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілген. Ол мас болған. Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram