ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 15:37
Жезқазғандағы ауруханада өрт салдарынан бір адам қайтыс болды
Жезқазғанның орталық ауруханасында өрт салдарынан 60 жастағы науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жезқазғанның орталық ауруханасында өрт салдарынан 60 жастағы науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жезқазған ауруханасында 3 қарашада өрт болған, алайда бұл оқиға бүгін ғана белгілі болды. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аурухананың төртінші қабатында палаталардың бірінде пайда болған. Өрт аумағы 10 шаршы метрге жеткен.
"Оқиға орнында 1961 жылы туған науқастың денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда аурухана штаттық режимде жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған науқастың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деп атап өтті ведомствода.
Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі де жағдайға түсінік берді. Ведомствода өрт туралы хабарлама 3 қарашада сағат 11:58-де келіп түскенін айтты. Оқиға орнына 24 адам және 7 техника жіберілген.
"Палатадағы төртінші қабатта 10 шаршы метр алаңда өрт шықты. Оқиға орнында 1961 жылы туған ер адам табылды. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 12:21-де сөндірілді. Өрттің себебі мен оның мән-жайы анықталып жатыр", - деп толықтырды облыстық ТЖД.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также