ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2022 | 16:43
Жезқазғандағы ЖЭС-тен өрт шықты: тұрғындар су мен жарықсыз қалды
Жезқазғанда жылу электр станциясындағы (ЖЭС) өрт салдарынан электр қуаты мен су беру апатты түрде тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жезқазғанда жылу электр станциясындағы (ЖЭС) өрт салдарынан электр қуаты мен су беру апатты түрде тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЭС-тегі өрт шамамен бір сағат бұрын шыққан. Төтенше жағдайға байланысты қалада электр жарығы мен ауыз су жоқ.
"Жезқазған қаласында ЖЭС-те болған төтенше жағдайға байланысты электр жарығы мен суық ауыз су беру үзілді. Өрт сөндіру қызметі өртті сөндіруге кірісті. Нысанда Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов бастаған облыс, қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері жүр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деді Жезқазған әкімдігіндегілер.
Бұл ретте Жезқазған тұрғындары қалада электр қуаты жиі үзілетініне шағымданып жатыр. Салдарынан көпке дейін су да болмайды.
"Бұл масқара қашан тоқтайды, бір күн сайын апат", - деп жазып жатыр тұрғындар әлеуметтік желіде.
Еске салайық, 8 маусымда Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды. Ұлытау облысы - аумақтық жағынан ең үлкен өңірлердің бірі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также