Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында өрт шықты

Видеодан алынған кадр

Жезқазғанда мыс балқыту зауытында трансформатордың жанғыш бөліктері мен төгілген май өртенді. Жалынды сөндіруге 39 адам мен 10 техника жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазғанда мыс балқыту зауытында трансформатордың жанғыш бөліктері мен төгілген май өртенді. Жалынды сөндіруге 39 адам мен 10 техника жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытындағы өрт туралы хабарлама 27 мамырда сағат 08-53-те түскен. Балқыту цехында шамамен 100 шаршы метр алаңда трансформатордың бөліктері мен төгілген май жанған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.

Реклама
Реклама

"Балқыту цехында өндіріс процесі уақытша тоқтатылды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды: жеке құрамнан 26 адам және 7 бірлік техника, сонымен қатар "Серіктес" ЖШС 13 қызметкері және 3 техника", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли .

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама