Жігіт өлім алдында достарын суретке түсірген

Фото: жеке архивтен

Ұлыбританиялық жігіт Испанияның Аликанте курортындағы жартаста екі досын фотоға түсірген. Олар кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық жігіт Испанияның Аликанте курортындағы жартаста екі досын фотоға түсірген. Олар кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы Дэниэл Ми мен 20 жастағы Джейден Долман фотоға түсіріп жатқан кезде 9 метр жартастан құлаған. Оларды досы Льюис Хиггинст суреткен түсірген. Бірінші құлаған жігіт бас жарақатын алып, оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ұшақпен ауруханаға жеткізілгенімен қайтыс болған.

Сондай-ақ, Хиггинс достарының құлағанын көргеннен кейін қатты шошынып қалған. Ол да ауруханаға жеткізіліпті.

Реклама
Реклама

Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, ол жігіттер жартастың шетіне жақындағанын көрген кезде оларға қаупін ескерткен. Тіпті, ол қайғылы оқиға болардың алдында бірнеше секунд бұрын ескерту жасағанын атап өтті. Кейін тәртіп сақшысы оқиға орнына жедел жәрдем қызметін шақырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама