27 сәуір 2021 | 09:26

Жоғалып кеткен қарағандылық кәсіпкердің туыстары күтпеген мәлімдеме жасады

Нұрлан Сүлейменов. Суретті жоғалған адамның туыстары жіберді

8 сәуірге қараған түні Қарағанды облысында су тасқыны кезінде хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Сүлейменовтің туыстары күтпеген мәлімдеме жасады. Туыстары кәсіпкер тірі деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 сәуірге қараған түні Қарағанды облысында су тасқыны кезінде хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Сүлейменовтің туыстары күтпеген мәлімдеме жасады. Туыстары кәсіпкер тірі деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр Отан" депутатын іздеу жұмыстары 20 күн бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде сүңгуірлер Нұра өзенінен тек кәсіпкердің көлігі мен заттарын таба алды. Ер адам жоқ.

Нұрлан Сүлейменовтің туыстары оның тірі екенін айтып отыр. "Біз оның тірі екеніне сенімдіміз. Ұрлап кеткен болу керек. Бұл оның кәсіпкерлік қызметіне байланысты болуы мүмкін. Біз біреулер оны бір жерде мәжбүрлеп ұстап отыр деп санаймыз. Әйтпесе, ол судан табылар еді. Сүңгуірлер күн сайын іздейді. Мәйіті жағаға жететін уақыт болды. Біз де іздестіріп жүрміз. Бірақ ол еш жерде жоқ", - дейді кәсіпкердің жиені Ботагөз Құлшаева.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, туысы Нұрланмен бірге оның портфелі жоғалып кеткенін, онда маңызды құжаттар мен мөрлер, сондай-ақ ұялы телефоны болғанын айтты. Телефон, қыздың айтуынша, ер адам жоғалғаннан кейінгі күні де қосылған. 

"Сигнал келесі күні де болы. Бұл туралы бізге полицейлер айтты. Телефон ағаммен бірге батып кетсе, ол бірден сөніп қалар еді. Сондай-ақ, көліктің алдыңғы екі терезесі де ашық болғаны күмән тудырады. Әдейі суға батырған сияқты", - дейді Ботагөз.

Бойжеткен Нұрланның жақындары ресми мемлекеттік органдарға ғана емес, көріпкелдерге да жүгінгенін мойындады.

"Адам жоғалғанда туыстары оны кез келген жолмен табуға тырысады. Біз де солай. Көріпкелдерге бардық, олардың бәрі ағам тірі, бірақ өте әлсіз дейді. Оны бір жерде ұстап отыр дейді. Сондықтан іздестіру тек суда емес, құрлықта да жүргізілгенін қалаймыз. Оған қазір көмек керек шығар. Біз ағамыз туралы қандай да бір ақпарат білетін Нұра ауданының барлық тұрғынынан көмектесуді сұраймыз", - деді Ботагөз.

Еске салайық, шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Сүлейменов биыл 8 сәуірінде Қарағанды облысының Нұра ауданында су тасығанда жоғалып кеткен болатын. Кейінірек оның жол талғамайтын көлігі мен кепкесі және сырт киімі Нұра өзенінен табылды. Ер адамның қайда екені белгісіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная