04 желтоқсан 2021 16:50

"Жол бермеді". Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып кетті

Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 желтоқсанда сағат 21.05-те 32 жастағы Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен қозғалып бара жатып жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2006 жылғы кәмелетке толмаған балаға жол бермей, қағып кетті. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "ЖҚЕ бұзу" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram