Жол бойында трюк жасаған павлодарлық жауапқа тартылды

Видеодан алынған кадр

Павлодарда жаяу жүргіншілерге арналған жолда трюк жасаған 19 жастағы жігіт жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы. 

Павлодарда жаяу жүргіншілерге арналған жолда трюк жасаған 19 жастағы жігіт жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы. 

Басылымның мәліметінше, 13 қыркүйекте Павлодар полициясына видео жолданған. Онда 19 жастағы жігіт жолда сальто жасағаны көрінеді.

"Видеоданжігіттің облыс әкімдігі ғимаратының маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолда 5 рет сальто жасағанын көруге болады. Осы уақытта бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған. Видеоны куәгер түсірген", - делінген облыстық полиция департаметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, 19 жастағы жігіт әлеуметтік желідегі қолданушыларының санын көбейтіп, көрілім санын арттыру мақсатында осындай қадамға барғанын айтқан. Павлодарлық осы әрекеті үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 2 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама