23 желтоқсан 2022 | 09:18

Жолда көлік қозғалысын реттеген астаналық полиция назарына ілікті

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астанада жол қиылысында көлік қозғалысын реттеген жігіт полицейлердің назарын аударды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл әрекет әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада жол қиылысында көлік қозғалысын реттеген жігіт полицейлердің назарын аударды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл әрекет әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бұған дейін "халық реттеушісі" атанған жігіт жолда көлік қозғалысын қалай реттеп жатқанын көрсететін видео пайда болды.

Реклама
Реклама

Елордалық полиция мәліметінше, оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Полицейлерге Момышұлы - Сәтбаев қиылысында белгісіз біреу жол қозғалысын реттеп жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Факт расталды. Бұл әрекет әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 24 жастағы ер адаммен мұндай деректердің алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана Полиция департаменті мұндай әрекеттер әсіресе кешкі уақытта және шағылысатын элементтерсіз өмірге қауіпті екенін, сонымен қатар көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Бұл жағдайда бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуі туралы сигнал түсе салысымен полицейлер көше қиылысындағы жағдайды бақылауға алды", - деді Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная