08 наурыз 2021 | 16:27

"Жолды қар басқан". СҚО-да өрт сөндіру көлігі жанып жатқан үйге жете алмады

Видео кадрлары

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігі тазаланбаған жолдардың кесірінен өртеніп жатқан үйге жете алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігі тазаланбаған жолдардың кесірінен өртеніп жатқан үйге жете алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қызылжар ауданының Надежка ауылында болған, онда жекеменшік үйден өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған үйге жету мүмкін болмаған, өйткені жолды қар басқан. Салдарынан өрт құбыршегін алыстан тартуға тура келген.

"Өрт сөндіру машинасы тез жетті, бірақ ауылдағы көшелер қардан тазартылмағандықтан, үйге жақындай алмады. Көше тазаланған кезде үйдің төбесі опырылды", - деп жазды желі қолданушылары.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар департаменті хабарына қарағанда, Надежка аулындағы жекеменшік үйден өрт шыққаны туралы хабар 7 наурызда 16.19-да түскен. Өрт сөндіру бөлімі жеткенге дейін газ баллоны жарылып, салдарынан үй өрттен толығымен қирап, ВАЗ-2199 автокөлігі де жанып кеткен. Үй иесі - 1984 жылы туған ер адам екі алақанын күйдіріп, екінші дәрежелі күйік алған, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Өрт 19.56-да ауыздықталып, түнгі сағат 22-ге дейін толық сөндірілді. ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев өрт сөндіру техникасы жолды қар басқанына байланысты, өрт шыққан үйге жақындай алмағанын растады. Оның айтуынша, кейін қар тазалайтын техника келіп, көше тазартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная