11 қараша 2022 | 09:01

Жітіқара ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tobolinfo.kz

Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы ауруханада жүкті әйел қайтыс болды. Оның артында үш кішкентай баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы ауруханада жүкті әйел қайтыс болды. Оның артында үш кішкентай баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 жастағы жүкті әйелдің медициналық мекеме қабырғасында қайтыс болғанын Денсаулық сақтау басқармасы растады. Тергеу жұмыстарына түрлі ведомство жұмылдырылған.

"Аймақтық мамандарды тарта отырып қызметтік тексеру жүргізілді. Сырттай тексерулер де тағайындалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Астана қаласының Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы Жітіқара ауруханасындағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр", - Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қостанайлық Tobolinfo.kz ақпарат агенттігі Роза Мүсілімова Жітіқардағы ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 31 жастағы әйел жүкті болған. Дене қызуы көтеріліп, ауырған соң бірнеше рет ауруханаға барған, бірақ оған ем тағайындалып, үйіне жіберілген. Түнде әйел Жітіқара ауруханасында қайтыс болды. Үш бала анасыз қалды. Ұлдар тоғыз, алты және алты айлық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная