28 ақпан 2023 | 12:28

Жүк көлігі аударылып қалған. Жүргізуші үш күн бойы құтқарушылар көмегін күтіп отыр

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Renault Magnum жүк көлігінің жүргізушісі апаттан кейін үш күн бойы көлігін қардан шығара алмай жүр. Көктайғақ салдарынан жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Renault Magnum жүк көлігінің жүргізушісі апаттан кейін үш күн бойы көлігін қардан шығара алмай жүр. Көктайғақ салдарынан жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Қостанай тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, үш күннен бері көмек күтіп жүр.

"Біз Қостанай бағытынан Ақтөбеге қарай 70 тоннадай жүкпен келе жатыр едік. Шекараға дейін 30 шақырымдай қалды. Тасжол мұз болды. Желдің қатты болғаны сонша, көлікті ұшырып, тіркемесі аударылып қалды. Мұнда бүйіріне құлаған көлік тек біреу емес, алдымызда Өзбекстаннан келген басқа көлік бар. Біз барлық жерге – полицияға, Төтенше жағдайлар министрлігіне, "ҚазАвтоЖолға" хабарластық, әлі көмек жоқ. Жеке адамдарға да жүгіндік, бірақ олар 100 000 теңге сұрайды, бірақ уәде бермей отыр, өйткені жолдар әлі мұз, ешкімнің батылы бармайды", - деді жүк көлігінің жүргізушісі қостанайлық Петр Калугин.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная