ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2021 | 09:01
"Жұмабектің бажасы". Павлодар тұрғыны әзілі үшін айыппұл арқалады
Павлодарда көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірінің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазумен жүрген. Ол мұны 1 сәуірге орай жасағанын айтады. Алайда павлодарлық бұл әзіл екенін айтқанына қарамастан полицейлер оған айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірінің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазумен жүрген. Ол мұны 1 сәуірге орай жасағанын айтады. Алайда павлодарлық бұл әзіл екенін айтқанына қарамастан полицейлер оған айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, жүргізуші қаладағы орталық көшелердің бірінде ұсталған.
"Павлодар тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ ВАЗ 2170 көлігін айдап келе жатқан. Одан бөлек, жүргізуші әзілқой болып шықты - ол қолмен көлігінің артына "Жұмабектің бажасы" деп жазып қойған", - дейді Полиция басқармасының басшысы Данияр Бек.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.
Еске салайық, наурыз ортасында әлеуметтік желілерде видео тараған болатын. Онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, "Жұмабекке хабарлас" деп оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Артынша Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
Кейін Жұмабек деген кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также