14 қазан 2021 | 15:16

Жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен 20 жастағы теміртаулық табылды

Фото:instagram.com/skandal_krg

10 қазанда жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны Ерхан Тәжібаев табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 қазанда жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны Ерхан Тәжібаев табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Ерхан Тәжібаев жақындарының қасында. Бұған дейін қайда болғаны әзірге белгісіз. 

"Іздестіру жұмыстарымен Полиция департаментінің барлық жеке құрамы айналысты. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жігіт табылды. Ол аман-есен. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Жоғалған жігіттің туыстары Ерханның жағдайы жақсы екенін растады. 

"Ерханның мұндай әрекетке баруының бір себебі бар шығар. Қаласа өзі айтады. Біз үшін бастысы - оның дін аман болуы. Іздестіру жұмыстарына атсалысқан барлық адамға рақмет", - деді Ерханның туыстары. 

Еске салайық, кеше, 13 қазанда 20 жастағы теміртаулықты туыстары бірнеше күннен бері іздеп жатқаны хабарланған болатын. Ерхан Тәжібаев Қарағандыда сауда орталығында сатушы-кеңесші болып жұмыс істейтін. Спорттық киімдер сатады.

"Ұлымды есікке дейін шығарып салдым. Ол үйден сағат 10.00-де шығып кетті, анасына жұмысқа барғанын айтып, қоңырау шалу керек еді. Бірақ хабарласпады. Біз алаңдай бастадық. Сағат 11.00-де телефоны өшті, біз телефонының қуаты таусылған шығар деп ойладық. 12.00-де, 13.00-де қоңырау шалдық. Телефоны өшіп тұрды. 15.00-де әйелім оның жұмысына барды, ол жерде болмаған", - деген еді әкесі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram