Журналист Қазақстанға барар жолда ұшақ бағыты өзгергеніне таңғалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon
488
© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік журналист, "Редакция" YouTube-арнасының авторы Алексей Пивоваров  Мәскеуден Қазақстанға ұшқан ұшақтың жұмбақ әрекетіне таңғалды, себебі ұшақ алдымен Беларусь шекарасына бет алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік журналист, "Редакция" YouTube-арнасының авторы Алексей Пивоваров  Мәскеуден Қазақстанға ұшқан ұшақтың жұмбақ әрекетіне таңғалды, себебі ұшақ алдымен Беларусь шекарасына бет алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Командамен қызық оқиға болды. Біз Внуководан Қазақстанға ұштық, бірақ қазақстандық авиакомпанияның "Боинг 737-500" ұшағы шығысқа емес, қарама-қарсы жаққа қарай ұшты", - деп жазды Пивоваров Instagram-да.

Журналист "бұл әрекет схемада жоқ еді", - деп түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Біз 10 мың м биікке дейін көтеріліп, Беларусь шекарасына жақындадық, яғни Мәскеуден шамамен 350 шақырым алыстап кеттік. Содан кейін бұрылып, бағытымызға қарай ұшып кетті. Бұл оқыс әрекет ұшу уақытына тағы бір сағат қосты. Ryanair туралы әзілдерді жоққа шығарайық, бірінші кезекте маған жазылған кәсіби ұшқыштарға сұрақ: бұл не болды?" - деді ол. 

"Редакция" YouTube-арнасының авторы авиакомпания бұл оқиғаны қалай түсіндіретініне қызығушылық танытты.

Желі қолданушылары түрлі күлкілі пікір жазған.

"Бұл Яндекс. Навигатор кептелістерді айналып өту үшін осылай жасаған", "Сіздермен бірге шетелдік агент ұшқан шығар".

Қыркүйектің соңында Алексей Пивоваров Алматыға ұшып келген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная