Жыл басынан бері Каспий теңізінде 7 адам суға батып кеткен

Фото: rg.ru

2020 жылдың басынан бері Каспий теңізінде 7 адам суға батып кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ратбек Демеуберген айтты, - деп хабарлайды "Лада".

2020 жылдың басынан бері Каспий теңізінде 7 адам суға батып кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ратбек Демеуберген айтты, - деп хабарлайды "Лада".

Оның айтуынша, жыл басынан бері Каспий теңізінде 7 адам суға батып кеткен әрі құтқарушылар 7 адамның өмірін аман сақтап қалған.

"Тұрғындар судағы қарайым қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Олар тыйым салынған жерде және арнайы жабдықталмаған орында суға шомылады, мас күйде де суға түседі. Сондай-ақ, ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады", - дейді Ратбек Демеуберген.

Реклама
Реклама

Ол Каспий теңізі жағасындағы 38 орында суға шомылуға рұқсат берілгенін, 6 орында суға шомылуға болмайтынын атап өтті.

Биыл суға шомылу маусымында Маңғыстау облыстық ТЖД 178 рейд жүргізген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабын бұзғаны үшін 20 адам, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364-бабы бойынша 7 тұрғын жауапқа тартылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама