ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 08:25
Жыл басынан бері мопед пен самокат апатынан қанша қазақстандық қаза тапты?
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда мопед пен самокат апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда мопед пен самокат апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакция сауалына Ішкі істер министрлігі 2023 жылдың басынан бері елімізде мопедтер ұшыраған 84 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, оның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 86 адам жарақат алғанын хабарлады.
Дәл осы уақытта және дәл осы кезеңде электрсамокаттар ұшыраған 8 жол-көлік оқиғасы болған, олардың біреуінде бір адам қаза тапты (ІІМ бұл самокат жүргізушісі ме, әлде басқа адам ба нақтыламады) және тағы 8 адам зардап шекті. Сондай-ақ, ведомство былтыр самокатпен болған жазатайым оқиғалар статистикасын ұсынды. 40 оқиғада бір адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған.
Ведомство мұндай оқиғалардың көбіне Астана, Алматы және Шымкентте болатынын атап өтті. Бұл қалаларда 1700-ге жуық жалға берілетін самокат тіркелген.
"Самокат, мопед, скутер қала ішінде де, оның сыртында да қолданылатын ең танымал көлік түрлерінің біріне айналды. "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес, жаяу жүргінші – жолда көлік құралынан тыс, оның қозғалысына қатыспайтын тұлға. Жаяу жүргіншілерге мүгедектерге арналған кресло-арбада жүретін, велосипед, мопед, мотоцикл, шана, арба, балалар арбасын жүргізген жеке тұлғалар теңестіріледі", - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, соңғы бір айда Алматыда мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері жиі тіркеліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также