05 маусым 2021 | 18:09

"Қабырғаны тесіп өтті". Петропавлда су тасушы көлік жеңіл автомобильмен соқтығысты

Петропавлда су тасушы көліктің жүргізушісі тұрақта тұрған жеңіл автомобильді қағып, ол қабырғаны тесіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда су тасушы көліктің жүргізушісі тұрақта тұрған жеңіл автомобильді қағып, ол қабырғаны тесіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бақылау камераларына түскен, жазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда жүк көлігі артымен қозғалып бара жатып, тұраққа қарай бұрылғанын, одан ары қабырға алдына қойылған жеңіл көлікпен соқтығысатынын көруге болады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік қоршауды тесіп өтті. Оқиға кезінде көшеде бір әйел кетіп бара жатқан.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі арнайы техника жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетпеуге тырысқанын, сондықтан көлік тұрағына тез арада бұрылғанын хабарлады. Салдарынан екі автокөлік зардап шекті, олардың бірінің бүйірі зақымдалды.

Реклама
Реклама

"2021 жылы 5 маусымда "ЗИЛ 431410" маркалы көлік құралының 56 жастағы жүргізушісі артпен жүріп бара жатқанда маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, рөлді басқара алмай "Қызылжар Су" АҚ тұрағында тұрған көліктермен соқтығысты. Салдарынан екі автокөлік зақымдалды - Volkswagen Golf және Ravon. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші мас болмаған", - деді Петропавл полиция басқармасы өкілдері.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша "ЗИЛ 431410" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналып, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная