09 қараша 2023 15:31

ҚАЖД сотталғандарды мазақ қылу әрекеті түсірілген видеоға пікір білдірді

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті колония тұтқындарын мазақ қылу әрекеті түсірілген бейнежазбаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті колония тұтқындарын мазақ қылу әрекеті түсірілген бейнежазбаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство әлеуметтік желілерде пайда болған видеоға жауап берді. Видео авторлары облыстағы колониялардың бірінде тұтқындар жәбір көріп жатқанын айтқан. Бұған дейін видеода сотталғандардың тек іш киім мен резеңке аяқ киім киіп, еденнен шүберекпен суды қалай жинап жатқаны көрсетілген болатын. Видео сипаттамасында бұл кадрлар Қарағанды ​​облысының Долинка ауылындағы №31 мекемеде түсірілгені айтылған.

Реклама
Реклама

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі резонанс тудырған видеоға қатысты пікір беріп, таратылған жазбаның ескі екенін атап өтті.

"Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тергеу жүргізілді, қызметкерлер жауапқа тартылды. Шындыққа сай емес ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар, ҚАЖД басшылығы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді", - деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіров.

Ведомство мәліметінше, бүгінде колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram