“Қақпанда“ қалған: қыз лифтке мінгенде сөмкесіндегі пауэрбанк өртенген

“Қақпанда“ қалған: қыз лифтке мінгенде сөмкесіндегі пауэрбанк өртенген Бейнеден кадр

Ресейдің Сургут қаласының тұрғыны жергілікті тұрғын үй кешенінің лифтінде пауэрбанктің тұтануынан от құрсауында қалды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан бойжеткеннің лифтке рюкзакпен кіргенін, ал есік жабылған бойда сөмкеден лаулаған от шыға бастағанын көруге болады.

Ол рюкзагын дереу еденге тастайды, ал лифт ішін біртіндеп қою түтін басады.

Жарнама
Жарнама

Бойжеткен үрейге бой алдырып, есікті ұрғылай бастаған, бірақ лифт көп ұзамай тоқтап, ол сыртқа шығып үлгерген.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл оқиға бойынша ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама