26 наурыз 2019 08:18

"Қаламқас" кен орнындағы өрттің жалғасып жатқанына 20 сағаттан асты

Камила Долаева Журналист

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" мұнай кен орнындағы өрт 20 сағаттай жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" мұнай кен орнындағы өрт 20 сағаттай жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, сағат 21.00-дегі жағдай бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның "Қаламқас" кен орнында өртті (грифон) жою және оқшаулау үшін жедел штаб құрылды. "Қазіргі уақытта жедел штабтың шешімі бойынша №8237 ұңғыма алаңындағы бұрғылау құралдарын қауіпсіз қашықтыққа апару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

25 наурызда сағат 04.40-та №8237 авариялық ұңғымада грифон өздігінен жана бастады. "Маңғыстау ауданында "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ "Қаламқас" кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифонның газ су аралас ашық отпен лаулаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram