ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2017 | 18:58
Қамауға алынған Қанат Сұлтанбеков жайлы не білеміз?
"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі ашық дереккөздерден Сұлтанбековтың осыған дейін қандай қызметтерді атқарғаны жайлы мәліметтерді жинады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі ашық дереккөздерден Сұлтанбековтың осыған дейін қандай қызметтерді атқарғаны жайлы мәліметтерді жинады.
Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы 1976 жылы 1 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Үш тілді меңгерген: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Үйленген.
Қанат Сұлтанбеков 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша аяқтаған. 199 жылы Стивенсон атындағы Технологиялық институттың түлегі болды, 2000 жылы Фэрли Дикенсон атындағы университетті аяқтап, техникалық ғылымдар кандидаты атағын алды. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, Қанат Сұлтанбеков 1994-2000 жылдар аралығында құрылыс компаниясында түрлі қызметтерді атқарды. 2001-2004 жылдары бас инженер, департамент директоры, Алматыдағы құрылыс компаниясы бас директорының орынбасары қызметінде болды.
2004 жылы Сұлтанбеков мемлекеттік қызметіндегі мансап жолын бас инспектор қызметінен бастап, кейіннен Алматы қаласы әкімінің бақылау-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болды. 2006 жылы Алматы қалалық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары департаментінің директоры болды. Ал 2007 жылдың қарашасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Содан ол жерде біраз жұмыс істеп, Астана қаласына көшіп кетеді. 2008 жылдың мамыр айында Сұлтанбеков елордадағы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасын басқарады. Ал 2009 жылдың қазан айында Астана әкімінің орынбасары қызметіне келеді. 2014 жылдың желтоқсан айында осы қызметке оның орнына Нұрәли Әлиев келеді.
Осылайша, Қанат Сұлтанбеков әкімдіктегі жұмысымен қоса "Халықаралық Астана әуежайы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2008-2009 жылдары) қызметін атқарады.
2015 жылдың ақпан айында ол "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының орынбасары қызметіне келді. Еске сала кетейік, Қанат Сұлтанбековтың қамауға алынғаны жайлы бүгін хабарланған болатын. "Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін қамауға алынды. Үкімді Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда шығарды", - деген еді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова. Сондай-ақ, осыған дейін "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған еді.
Показать комментарии
Читайте также