КамАЗ бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Полиция Астанадағы ірі жол апатының мән-жайын айтты

© Tengrinews.kz

Полиция Астанада?ы ?ош?арбаев ж?не Сарык?л к?шелеріні? ?иылысында бол?ан жол апатыны? м?н-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Полиция Астанадағы Қошқарбаев және Сарыкөл көшелерінің қиылысында болған жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер 1 сәуірде 15:00 шамасында жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

"КамАЗ маркалы көлік жүргізушісі Сарыкөл көшесімен келе жатып Қошқарбаев көшесімен қиылысқан тұста, бағдаршамның көлік қозғалысына рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетіп, Mercedes және Toyota автомобильдеріне соқтысып, артынша "Газель" автокөлігін соққан", - деді ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция мәліметімен жиналған деректер әкімшілік сотқа жіберіледі.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама