07 маусым 2023 | 09:54

"Кәмпит алып беріп, бетімнен сүйді". Алматы облысында белгісіз ер адам тиіспек болған оқушы оқиға туралы айтты

© almaty.tv

Алматы облысы Қарғалы ауылында сегіз жасар оқушы қызды ұрлауға қатысты атышулы іске қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Қарғалы ауылында сегіз жасар оқушы қызды ұрлауға қатысты атышулы іске қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оқушы қызды құшақтап, бетінен сүйген. Осы сұмдық жайттың бәрін қыз анасына айтып беріпті. Ал кеше қонақүй әкімшілігі "біз жөндеуге жабылдық жұмыс істемейміз" деген.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, қобалжып тұрған қыздың көңілін де аулай бастаған.

Реклама
Реклама

"Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым", - дейді қыз.

Жазғы лагерьге бара жатқан жеткіншекті жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызған көрінеді.

"Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды", - деді куәгер Күләш Теңелбаева.

Перзентім құрбан бола жаздады деген анасы қазір дел-сал күйде. Мұндай жағдайды бастан кешемін деп ойламадым деп жылаған. Үнемі қызын әкесі жетектеп жолға шығарып салып, таксиге отырғызып жіберетін.

"Таңертең сағат 09.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын", - дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Күдікті қазір адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады. Сондықтан тергеудің әділ өтуін қалайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная