09 қаңтар 2024 | 14:14

Капотқа мініп сырғанаған: БҚО-дағы қыздың қазасына қатысты жаңа мәлімет айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Әлеуметтік желіден

Көлік капотына отырып сырғанаймыз деп оқыс жағдайда қаза болған қыздың өліміне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік капотына отырып сырғанаймыз деп оқыс жағдайда қаза болған қыздың өліміне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО-дағы Ветелки ауылында 17 жастағы қыз достарымен көлікке ескі капотты байлап, сырғанақ тепкен. Ойын салдарынан қыз есін жимастан көз жұмды.

Марқұм Оралдағы педагогикалық колледждің 3-курс студенті болған. Кураторы Ләззат Есенова студенттің өлімін ата-анасынан білгенін айтты. Қыз бастауыш сыныптарға ағылшын тілін үйрететін мұғалім мамандығын оқып жатқан.

Реклама
Реклама

"Ата-анасының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Аяулым достарымен бірге шығып келуге сұранған. Олар алғашында жібермеген, кейін жарты сағатқа шығып келуге рұқсат берген. Олар төрту болған: екі ұл және екі қыз. Ата-анасының айтуынша, достарының бірі көлік жүргізеді және олар соған капотты бекітіп, сырғанамақ болған. Одан шана жасаған. Басқалары секіріп үлгерген, бірақ қыз ортада отырғандықтан қашып құтыла алмаған дейді. Бағананы соққан сәтте қыздың аузынан қан аққан. Балалар қатты қорыққан. Уақытты босқа өткізбеу үшін оны жедел жәрдемге қарсы таксимен алып шыққан. Ол жолда (ауруханаға) қаза болды", - деді Ләззат Есенова.

Куратор марқұм қыздың қабілетті студент екенін атап өтті. Ол грантта оқыған, көпшіл, көңілді қыз болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная