ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2020 | 17:04
Қапшағай тасжолында бетон қоршауға соғылған жүргізуші видеоға түсіп қалды
Қапшағай тасжолында жүргізуші терминал маңындағы бетон қоршауға соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қапшағай тасжолында жүргізуші терминал маңындағы бетон қоршауға соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 тамызда таңғы сағат 5.30-да Алматы-Өскемен тасжолындағы ақылы терминал маңында болған.
"Талдықорған қаласының тұрғыны 41 жастағы жүргізушісі анықталды. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, материалдық залал келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша 20 АЕК (53020 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жүргізуші мас болмаған, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Новости Казахстана (@42500_tenge) 27 Авг 2020 в 7:45 PD
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также