07 ақпан 2017 | 12:22

Қапшағайда бұрынғы балабақша ғимаратынан ойынхана әшкереленді

Алматы облысының Қапшағай қаласында ойын автоматтары толы екі жасырын залдың көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап. Бір ойын залы бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Қапшағай қаласында ойын автоматтары толы екі жасырын залдың көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап. Бір ойын залы бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. 

3 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында бұрынғы балабақша ғимаратында заңсыз ойын залы әшкереленді. Тексеріс барысында ойынханадан 15 ойын аппараты, оның ішінде біреуі "воздушная рулетка", сонымен қатар 72 мың теңге тәркіленді", - деді экономикалық тергеулер қызметінің мамандары. 

Реклама
Реклама


Суреттер Алматы облысы МКМ экономикалық тергеулер қызметінен

Дәл осы күні Қапшағай қаласында тағы бір заңсыз әрекет еткен ойын залы табылған. Жедел әрекет ету шаралары барысында 11 ойын аппараты, оның ішінде біреуі "воздушная рулетка", сонымен қатар 99 мың теңге тәркіленген. 

"Осы ойын залдары "Ойын кәсібі туралы" ҚР Заңына қарама-қайшы әрекет еткен. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің мамандары сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша жүргізіп жатыр", - деді Алматы МКМ ЭТҚ мамандары.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная