Қапшағайда жоғалған шетелдік азаматтың денесі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: qapshagay

Қапшағайда бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының мәйіті табылды. Оған биыл қарашаның аяғында іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қапшағайда бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының мәйіті табылды. Оған биыл қарашаның аяғында іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған адамның денесі табылғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі qapshagay-парақшасында жарияланды.

"11 желтоқсанда іздеу жүйелері арқылы ҚХР азаматының мәйіті демалыс орындарының бірінің аумағынан, "Заря Қапшагая" саяжай қоғамы маңынан табылды. Өлім себебін тергеу анықтайды", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Қытайдың 1970 жылы туған азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған. Ол 27 қарашадан бастап отбасымен байланысын тоқтатқан, содан кейін оған іздеу жарияланған. Полицейлерге ер адамды іздеуге еріктілер көмектескен.

Бұған дейін Теміртауда полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен 47 жастағы ер адамның денесін тапқан болатын. Оны өлтіріп кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама