Қарағанды-Астана тасжолында минивэн КамАЗ-ға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағанды – Астана тасжолында Toyota Estima көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды – Астана тасжолында Toyota Estima көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда минивэннің алдыңғы бөлігі түгелдей қирап, сынықтары жол бойына шашылғаны көрінеді.

"22 жастағы Toyota Estima көлігінің жүргізушісі Қарағандыға кетіп бара жатып, алдында келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ондағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, автотехникалық және өзге де сараптамалар тағайындалған. Тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жолда қозғалыс жылдамдығын сақтаудың және тасжолда мұқият болудың маңыздылығын тағы да еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама