ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2022 | 11:48
Қарағанды гарнизонында сарбаздар әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен
Қарағанды гарнизонында екі сарбаз әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды гарнизонында екі сарбаз әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен.
"Олардың қаруы болмаған. Қазір әскери полиция органдары облыстық Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды. Өзге мәліметтер жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также