ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2022 | 10:23
Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысындағы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысындағы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"17 қарашада сағат 06:15-те Қарағанды облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас - ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жекеменшікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.
ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также