Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысындағы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 қарашада сағат 06:15-те Қарағанды ​​облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас - ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жекеменшікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

Жарнама
Жарнама

ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама