Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Toyota Yaris көлігін тізгіндеген әйел Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында автобуспен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін 09.42-де болғаны хабарланды.

"Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолы бойымен келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша, ол Irisbus Crossway маркалы автобуспен соқтығысқан. Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді қалалық полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жүргізушілер жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама