15 қараша 2021 07:26

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолындағы ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрация: Тengrinews

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында бес көлік апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында бес көлік апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қаза болды. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

Реклама
Реклама


"Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен жол апаты болғаны хабарланды. Салдарынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті. Олар дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram