ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2022 | 17:36
Қарағанды облысында 3-сынып оқушысы автобус күтіп тұрып беті үсіп қалған
Абай қаласында мектеп оқушысының бетін үсік шалды. Ол аялдамада 15 минут автобус күткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай қаласында мектеп оқушысының бетін үсік шалды. Ол аялдамада 15 минут автобус күткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде айтып берді. Ол қалада мектеп автобустары қарастырылмағанын, балалар жолаушылар ағынына байланысты қоғамдық көлікке отыра алмай, күтуге мәжбүр болатынын айтып шағымданды.
"Біз мектеп директорларымен таңғы 8-ден бері ұрысып, сабақты тоқтатуды сұрап жатырмыз. Сыртта қатты аяз. Бірақ бас тартты. Басқа қалаларда, атап айтқанда Астанада бүгін мектептерде сабақтар тоқтатылып, сабақтар қашықтан оқыту форматына көшті. Бүгін елорда мен Абайда ауа райы бірдей", - деп жазды оқушының анасы әлеуметтік желіде.
Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады. Ведомстводағылар қазір 3-сынып оқушысы үйінде отбасымен бірге екенін және жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.
"Сағат 06:45-тегі жағдай бойынша Абай қаласында ауа температурасы орташа есеппен -21 градусты көрсетті, сабақтың тоқтатылуына белгілер болған жоқ. Қыз үшінші сыныпта оқиды. Мектеп директоры оқушының анасымен кездесті, анасының айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді, үйде, ойнап жүр", - деді аудандық білім бөлімі өкілдері.
Сондай-ақ, ведомство бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтату - 25 градус және одан төмен температурада жүргізілетінін қосты. Жел мен көктайғақ түріндегі ауа райы жағдайын ескере отырып, ата-аналар баласының мектепке бару-бармауын өз бетінше шеше алады. Бұл жағдайда мұндай шешім туралы сынып жетекшісіне хабарлау қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также