02 маусым 2021 17:56

Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті тас-талқан етті

Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті жаншып қалды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті жаншып қалды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Оқиға Қарағанды облысындағы карьерлердің бірінде болған. Оқиға кезінде Suzuki маркалы жол талғамайтын көлік салонында үш ер адам болған.

Реклама
Реклама

"Үш ер адам карьерге желдеткішті жөндеуге барып, алып жүк көлігі жанына тоқтаған. Жүргізуші автокөлікті көрмеген. Алып жүк көлігі автокөлікке қарай жүргенде ер адамдар бар дауысымен айғайлай бастаған. Олар зардап шеккен жоқ", - деді басылым авторлары.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсінік берді. Ведомство өкілі жедел-тергеу тобы оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар қосымша ақпаратты кейін хабарлауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram