21 желтоқсан 2020 | 08:29

Қарағанды облысында әйел сырғанақта омыртқасын сындырып алды

Көрнекі сурет: miloserdie.ru

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны сырғанақта омыртқасын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны сырғанақта омыртқасын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай Жаңаарқа ауылында болған. Зардап шеккен әйел сырғанақта құлап қалған. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды. Кадрдан әйелдің айналасында адамдардың жиналып тұрғанын көруге болады. Құлаған әйел тыныс алуы қиындағанын айтады. Ал ролик авторы сырғанақта абай болуға шақырды. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqparat alany (@atasu_live)

"Зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жатқызылды. Омыртқасы сынған және ауыртып алған жерлері бар. Ол қазір ауруханада", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Жаңаарқа ауданы әкімдігіндегілер бұл сырғанақты жергілікті тұрғын жасап қойғанын атап өтті.

"Бұл сырғанақты адамдар өтініш жасағаннан кейін жергілікті тұрғын өз ақшасына Жаңаарқа ауылының әкімдігіне ескертпей жасады. Әкімдік жазбаша рұқсат берген жоқ. Р. есімді азаматтың жағдайынан кейін техника қауіпсіздігін сақтау түсіндірілді. Сырғанақ ҚР Мемстандарт 2989-2017-ге сәйкес техникалық жағдайға сай реттелді", - деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 10 жастағы қыз сырғанақта қайтыс болғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Көксу ауданында болған. Әкімдік баспасөз қызметінің мәлеметінше, оқиға Мұқры тауында болған. Бұл жер балалардың ойнауына арналмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная