ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2022 | 11:21
Қарағанды облысында екі баланы ит талады: біреуі қайтыс болды
Қарағанды облысында екі баланы ит қауып, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында екі баланы ит қауып, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды. Оқиға 1 сәуірде болған. Бұл туралы ақпарат Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Ақтоғай ауылында ит шабуылынан зардап шеккен 3 және 5 жастағы екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.
"Полицейлер жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға байлаусыз жүрген ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, 3 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также