Қарағанды ​​облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсіп, жүргізушісі қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсті. Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсті. Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2 желтоқсанда сағат 16:40-та "Қарқаралы – Қарағайлы" тасжолында болған. Алдын ала деректер бойынша, Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлар мінген Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін инкассатор көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Lada Largus-тың 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы жолаушысы және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Қазір жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама