Қарағанды облысында жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағанды облысында жол апаты болды: қаза тапқандар бар Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы жол апатына ұшырады.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Жарнама
Жарнама

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама