Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 тамызда кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азамат тізгіндеген Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама