16 шілде 2022 | 09:57

Қарағанды облысында жол апатынан 8 адам қаза болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Әлихан Сариев

Қарағанды облысында Mercedes-Benz Sprinter мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тауып, 9 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында Mercedes-Benz Sprinter мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тауып, 9 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында салонында 17 адам болған микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысты. Оқиға 16 шілдеде сағат 3.20-да Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Микроавтобус Алматыдан Қарағандыға бара жатқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Түрлі жарақат алған тоғыз адам медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобустың жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап қалған", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Бұл дерек полицияда тіркелген. Сараптамалар тағайындалған, нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная