ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 қараша 2025 15:22
Қарағанды облысында жол апатынан кейін Volkswagen екіге бөлініп кеткен
Volkswagen Passat көлігі Lexus-пен соқтығысқаннан кейін екіге бөлініп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Қарағанды облысындағы тасжолда болған.
Жол апаты 11 қарашада кешке, Осакаровкадан шамамен 40 шақырым жерде болған. Полиция мәліметінше, соқтығысқан сәтте жол тайғақ болған, ауа райы қозғалысты қиындатқан.
Соққы күшті болғаны соншалық, Passat көлігі бөлініп, жол жиегіне ұшып кеткен. Екінші, Lexus көлігі алдыңғы жағынан қатты зақымданған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктерге механикалық зақым келді. Факт полицияда тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір полицейлер апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу