22 қаңтар 2021 | 09:08

Қарағанды облысында жол апатынан полицей мен тұрғын қаза тапты

Фото: polisia.kz сайтынан

Қарағанда облысындағы тасжолда екі полицей мен жергілікті тұрғын отырған көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Екі адам, оның ішінде полиция қызметкері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанда облысындағы тасжолда екі полицей мен жергілікті тұрғын отырған көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Екі адам, оның ішінде полиция қызметкері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қаңтарда Қарағанды - Балқаш тасжолында Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі жолға шығып кетіп, ВАЗ көлігімен соқтығысып қалады. Ол көлікті 35 жастағы полицей жүргізген.

Реклама
Реклама

Салдарынан ВАЗ көлігінің жолаушылары - 30 жастағы полицей мен облыстың 46 жастағы тұрғыны жарақаттанып, қайтыс болған. Көлікті жүргізген 35 жастағы полицей Балқаш қаласындағы Орталық ауруханаға түрлі дене жарақатымен жатқызылды.

"Қарағанды облысы ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қайтыс болған полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев органдарда 2009 жылдың мамырынан бері істейді. Үйленген және артында бір баласы қалды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная