15 ақпан 2021 08:32

Қарағанды облысында кәріз суының өзенге ағып жатқаны видеоға түсірілді

Көрнекі сурет: pexels.com

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Сарысу өзеніне кәріз суының қалай ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Сарысу өзеніне кәріз суының қалай ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторлары енді өзен суына шомылу мен онда ұсталған балық қауіпті болуы мүмкін екеніне алаңдады.

Реклама
Реклама

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қалдық суды тазарту станцияға ағызатын магистральда ақау шығу салдарынан кәріз суы өзенге ағып кеткен. Ақау 11 ақпанда пайда болған. Қазір бұл магистраль арқылы қалдық шығарылмайды. Кәріз суы басқа құбырлар арқылы шығарылып жатыр.

"Арнайы комиссия құрылды, ол ақаудың орнын тексерді және анықтады. Енді қаражат бөлу мәселесі қаралады. Көктемде бұл құбыр толығымен жөнделеді. Қазір ешқандай қауіп жоқ, кәріз суы енді өзенге ағызылмайды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram